жамандықты мықты көрдім сенбедім...
жамандықты мықты көрдім сенбедім...
11.03.2026 21:49
Рейтинг: 0,00 (0)
Поэт: brunett
Серия стихов: пребывание
жамандықты мықты көрдім сенбедім
жақсылықтын күші оған жететінің
түсінбедім қалай жас періште
айналады зұлымдыққа бір мезетте
сенбедім мен ішімдегі күшке де
өмір алуан түрлі бітпейтіңдей мың сыры
қалам ба екен осындай пәк жүрекпенен
қалған ба екен іште ол үміт оты
не боламын немен жақсы жаманмын
кімнең артық мінезім, немен кеммін
асып арту емес қалағаным
азамат адам болып қалу басты арманым
қателік пен бұрыс жолдар арбай берсін
өмір ұстаз өмір сүріп үйренемін
ақ пен қара бар бойымда үйренгенмін
жақсылықты тандаймын мен сүйемін
қорқынышым ызыланып тез тарайды
әділетсіз боп мына дүние көрінеді
жауабы мен шешімі жоқ сұрақтай
өмір мәні бас пен миды толтырады
Читайте еще стихи
Стихи других поэтов
Комментарии к стихотворению
Это произведение ещё не комментировали.
